2025 жылғы 27 маусым күні Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының басшысы Абзал Серікұлы Бралиев Сырым ауданына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында ауданға қарасты 12 ауылдық округ қамтылып, келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді:
✅ Ветеринариялық пункттердің жай-күйі
Тоғанас, Бұлан, Елтай, Талдыбұлақ, Аралтөбе, Жосалы, Сарой, Жетікөл ауылдық округтеріндегі ветеринариялық пункттердің, Алғабас ауылдық округінде құрылысы жүргізіліп жатқан пункттің, сондай-ақ Бұлдырты мен Қособа ауылдық округтерінде жаңадан салынған ветеринариялық пункттердің жай-күйімен танысты.
✅ Сібір жарасы көмінділері мен мал молалары
Тоғанас, Сарой және Жымпиты ауылдық округтерінде орналасқан сібір жарасы көмінділерінің ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі тексеріліп, мал моласының құрылыс жұмыстары бақыланды.
Сапар соңында ветеринариялық станция қызметкерлерімен, аумақтық инспекция, зертхана өкілдерімен кездесу өткізіліп, өзекті мәселелер талқыланды.