Бөрлі ауданына жұмыс сапары

Бөрлі ауданына жұмыс сапары

Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының басшысы Абзал Серікұлы Бралиев Бөрлі ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында аудан аумағында орналасқан мал қорымдары, ветеринариялық пункттер жай-күйімен танысып, сібір жарасы көмінділерін қоршау жұмыстарының барысын бақылады.

Оған қоса Кентубек ауылдық округіне қарасты “Еңбек” шаруа қожалығының мал сою пунктінің және Ақсай қаласындағы “Sajda vet” ветеринарлық дәріханасының жұмысымен танысты.

Іссапар қорытындысы бойынша ауданның ветеринарлық ұйымдарының қатысумен жиналыс өткізілді.