Аталған мерекеге орай Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасында салтанатты жиналыс өтті.
Мереке аясында:
- Талдау, болжау, ветеринариялық есеп және лицензиялау бөлімі бас маманы Габдуллина Гүлмайра Рамазанқызы — Батыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен;
- Эпизоотияға қарсы іс-шаралар бөлімі бас маманы Уразалиева Райгүл Төлегенқызы — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Құрметті әріптестер, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!
Мемлекеттік қызмет — елге қызмет етудің биік үлгісі.
Еңбектеріңіз жана берсін!
#МемлекеттікҚызметшіКүні #ВетеринарияБҚО