Батыс Қазақстан облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № 28-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 қыркүйекте № 5778 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидалары бекітілсін.
  2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 23 қаңтардағы №22-4 "Батыс Қазақстан облысының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде №3826 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 наурыздағы "Орал өңірі" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
25 декабря 2020