БҚО чемпионаты: ұлттық ойындар ұлықталған жарыс

БҚО чемпионаты: ұлттық ойындар ұлықталған жарыс

 Батыс Қазақстан облысында «Асық ату» және «Бес асық» ұлттық ойындарынан ересектер арасында облыстық чемпионат өтті. Жарыс БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, аудандық Дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен Сайқын ауылында жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Ұлттық спорт түрлерін насихаттауға бағытталған бұл сайысқа Орал қаласынан және Бөкей Орда, Сырым, Шыңғырлау, Теректі, Бәйтерек, Ақжайық, Қазталов аудандарынан келген үздік спортшылар қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жолдаулары мен үндеулерінде дәстүрлі спорт түрлерінің ел бірлігі мен ұлт тәрбиесіндегі рөлін жиі атап өтеді. Ол бір сөзінде:

«Ұлттық спорт – ата-бабамыздың аманаты, жас ұрпақтың бойына рух пен тәрбие сіңіретін үлкен мектеп. Біз оны заманға сай жаңғыртып, кеңінен насихаттауымыз керек», – деген болатын.

Осы чемпионат – дәл осы үндеудің нақты жүзеге асып жатқанын айғақтайтын жарқын мысал.

Жарыстың ашылу салтанатында Бөкей Ордасы ауданы әкімінің орынбасары Айдар Қазбекұлы Минеев қатысушыларға сәттілік тілеп, ұлттық спорттың дамуына жанашырлық танытқан ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, ерлер арасындағы облыстық бас жаттықтырушы Ержан Спортұлы және Орал қаласы «Асық ату» федерациясының президенті Айнұр Төлегенқызы жарыстың маңыздылығына тоқталып, ұлттық ойынның тәрбиелік және рухани құндылығына назар аударды.

Жарыс қорытындылары

🏅 Жекелей сайыс – қыздар арасында:

1 сақа бойынша:

 2 орын – Қуаныш Диляра

2 сақа бойынша:

 2 орын – Дәулетова Әсел

3 сақа бойынша:

 3 орын – Жубан Гүлзат

«Бес асық» – командалық есеп:

 1 орын – Бәйтерек ауданы

 2 орын – Ақжайық ауданы

 3 орын – Қазталов ауданы

Ерлер арасындағы «Асық ату» нәтижелері:

 Арнайы аталымдар:

«Үздік ойыншы» – Сламқұлов Бағдаулет

«Сұр мерген» – Уалиев Асылбек

«Ардагер спортшы» – Жолдыбеков Естай

Жекелей сайыс – ерлер арасында:

1 сақа бойынша:

 1 орын – Сламқұлов Бағдаулет (Теректі ауданы)

 2 орын – Ақмуканов Аслан (Сырым ауданы)

3 орын – Акатай Жалғас (Қазталов ауданы)

2 сақа бойынша:

 1 орын – Уалиев Асылбек (Ақжайық ауданы)

2 орын – Жақсыбайұлы Жақсылық (Теректі ауданы)

3 орын – Нығмет Асет (Сырым ауданы)

3 сақа бойынша:

 1 орын – Құттыбаев Дархан (Қазталов ауданы)

 2 орын – Магелланов Сырым (Ақжайық ауданы)

 3 орын – Қуанышалиев Роллан (Теректі ауданы)

Командалық есеп – «Асық ату»:

1 орын – Теректі ауданы 

2 орын – Ақжайық ауданы

3 орын – Сырым ауданы

Бұл чемпионат ұлттық ойындардың өңірлік деңгейде дамуына серпін беріп, жас ұрпаққа салт-дәстүрді дәріптеуге үлгі болары сөзсіз. Осындай жарыстар арқылы асық ойыны қайта жаңғырып, спорттық рух пен ұлттық болмыстың жаңа тынысы ашылуда.