Бәйтерек ауданының Чинарево ауылында сапалы 4G байланысы пайда болды

Бәйтерек ауданының Чинарево ауылында сапалы 4G байланысы пайда болды

Бәйтерек ауданына қарасты, 216 тұрғыны бар Чинарево ауылында жоғары жылдамдықты 4G стандартына сай ұялы байланыс пен мобильді интернет іске қосылды.

Бұл жоба аудан әкімдігі мен «Beeline» байланыс операторының бірлескен еңбегінің нәтижесінде жүзеге асты. Ауыл аумағында антенна орнату жұмыстарын әкімдік өз мойнына алса, ал базалық станцияны орнатып, техникалық жабдықты қамтамасыз етуді «Beeline» компаниясы жүзеге асырды.

Жаңа байланыс желісінің арқасында ауыл тұрғындары мемлекеттік қызметтердің кең ауқымына онлайн түрде қол жеткізе алады. Атап айтқанда, коммуналдық төлемдерді төлеу, қашықтан оқу, түрлі анықтамалар алу сынды мүмкіндіктер қолжетімді бола түсті.

«Енді шағын ауылда тұратын тұрғындар да заманауи технологиялардың игілігін көре алады. Бұл – ауыл өмірінің сапасын арттырып, цифрлық даму жолында жасалған маңызды қадам», – дейді аудан әкімдігінің өкілдері.

4G желісінің іске қосылуы Чинарево ауылының әлеуметтік және экономикалық дамуына серпін беріп, білім алу, кәсіпкерлік пен өзара байланыс мүмкіндіктерін кеңейтеді.