Асыл тұқымды мал өсіру – басты бағыт

Асыл тұқымды мал өсіру – басты бағыт

 

Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласында табысты еңбек етіп келе жатқан шаруашылықтардың бірі – «Игнат» шаруа қожалығы. 2007 жылы құрылған бұл қожалық бүгінде өңірдегі ірі ауыл шаруашылық құрылымдарының қатарына енген.

Қожалықтың негізгі бағыты – мал шаруашылығы. Бүгінде шаруашылықта 950 бас ірі қара мал өсірілуде, оның 275 басы – қазақтың асыл тұқымды ақ бас сиыры. Сонымен қатар, 150 бас жылқы бағылады. Бұл – жергілікті нарыққа сапалы ет өнімдерін ұсынуға мүмкіндік беріп отыр.

Шаруашылықтың қарамағында 4800 гектар жер бар. Бұл алқаптарда мал азығын дайындау жұмыстары жүргізіліп, мал басын көбейтуге қолайлы жағдай жасалған.

2024 жылы қожалық мемлекеттік қолдау аясында 31 610 584 теңге көлемінде субсидия алған. Бұл қаржы мал азығын дайындау, асыл тұқымды мал басын көбейту және инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған.

Биылғы жылы шаруа қожалық Беларусь елінен 400 бас асыл тұқымды ірі қара мал әкелуді көздеп отыр. Бұл өз кезегінде асыл тұқымды мал санының артуына себеп болмақ.

«Игнат» шаруа қожалығы – ауыл экономикасының дамуына үлес қосып келе жатқан ірі өндіріс иелерінің бірі. Шаруашылықтың алдағы жоспарлары – мал басын көбейтіп, өнім сапасын арттыру және өңірлік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қоса беру.