БҚО-да ауыл халқы сапалы медициналық көмекке жақындай түседі

БҚО-да ауыл халқы сапалы медициналық көмекке жақындай түседі

 

Батыс Қазақстан облысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық инфрақұрылымды дамыту жалғасуда.

Ағымдағы жылы аталған жоба шеңберінде облыстың бес ауданында 14 жаңа медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұл елді мекендердегі тұрғындардың алғашқы медициналық-санитариялық көмекке қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Атап айтқанда, Ақжайық ауданында – 4, Бөрлі ауданында – 2, Жаңақала мен Сырым аудандарында – 2-ден, ал Бәйтерек ауданында – 4 медициналық мекеме салынуда. Бұл нысандар фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар түрінде бой көтермек.

Жобаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарына сапалы әрі уақтылы медициналық көмек көрсету үшін жағдай жасау. Әсіресе шалғай ауылдарда тұратын азаматтар үшін бұл – өмір сапасын арттыратын елеулі жаңалық.

Құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүріп жатыр. Жыл соңына дейін барлық 14 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жаңа медициналық мекемелер заманауи құрал-жабдықтармен қамтылып, білікті мамандармен қамтамасыз етіледі.

Бұл бастама ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау саласындағы теңсіздікті азайтып, өңірлік медицинаның дамуына серпін беретіні сөзсіз.