Ұлы Жеңіске – 80 жыл!

Ұлы Жеңіске – 80 жыл!

Алтын Орда мәдениет үйінде мерекелік концерт өтті

Бүгін Алтын Орда мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған “Ұлы Жеңіске – 80 жыл” атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Шараға келген көрермендер соғыс жылдарындағы әндермен сусындап, рухани әсер алды.

Концерт барысында Алтын Орда өнерпаздары сол бір сұрапыл кезеңнің ауыр сәттерін сахна арқылы жеткізіп, жауынгерлердің ерлігі мен батырлығын дәріптеді. Тыңдарман жүрегінен орын алған әндер мен көріністер залда отырғандарды терең ойға қалдырды.

Бұл шара -  ұрпаққа өнеге болар тағылымды тәрбие, ерлікті ұлықтау. Елім деп еңсесін тіктеген ерлердің рухына тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың қасиетті борышы. Жеңіс күні – адалдық пен батырлықтың, елге деген сүйіспеншіліктің жарқын символы.