Оралда бадминтоннан VI жастар спорттық ойындары өтуде

Оралда бадминтоннан VI жастар спорттық ойындары өтуде

2025 жылғы 4–11 мамыр аралығында Орал қаласы еліміздің үздік жас спортшыларын қабылдап отыр. Мұнда бадминтоннан Қазақстан Республикасының VI жастар спорттық ойындары өтуде.

Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарынан 100-ден астам жас спортшы қатысып жатыр.

Аталған турнир бадминтон спортын одан әрі дамытуға, оны бұқара халық арасында кеңінен насихаттауға, салауатты өмір салты қағидаларын нығайтуға және спортшылардың шеберлік деңгейін арттыруға бағытталған.

Спорттық сайыстар жас таланттарға тәжірибе жинақтауға, жоғары деңгейдегі жарыстарға жол ашуға және болашақ чемпиондарды анықтауға мүмкіндік береді.

Жарыс күндері Оралдағы спортсүйер қауымға жарқын әсер мен тартысты кездесулер сыйлауда.