27 ақпанда жыл сайын Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні атап өтіледі

27 ақпанда жыл сайын Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні атап өтіледі

Құрметті үкіметтік емес ұйым өкілдері!

Сіздерді Бүгінгі мерекелеріңіз – Дүниежүзілік Үкіметтік емес ұйымдар күнімен құттықтаймыз! Бұл атаулы күн – еркіндікке жол бастаған, қоғамдық дауысқа негізделген, адамдардың қауіпсіздігіне жол бастайтын, табиғатқа, адамзаттың мәдени мұрасына, адамзаттың болашағына қамқорлық жасауға бағытталған жаһандық құндылықтарды көрсететін халықаралық символ. Үкіметтік емес ұйым – әлеуметтік мәселелерді шешуде және азаматтық бастамаларды жандандыруда мемлекетіміздің ең сенімді тірегі іспеттес. Өйткені, еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан бері қоғамдық ұйымдар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келеді. Қарқынды дамып келе жатқан еліміздің қозғаушы күші, оңтайлы өзгерістердің арқауы Азаматтық қоғам мен Үкімет арасындағы «алтын көпір» осы – үкіметтік емес ұйымдар.

Құрметті үкіметтік емес ұйым мүшелері!
Сіздерді Дүниежүзілік Үкіметтік емес ұйымдар күнімен құттықтай отырып, қоғамның қажеттіліктері үшін тынбай еңбек етіп, ел игілігі жолында зор ықыласпен Мемлекет басшысының маңызды стратегиялық жоспарларын жүзеге асыруға ат салыса беретіндеріңізге сенімдіміз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге бақ-береке тілейміз!