Волонтерлерге арналған «Алғашқы медициналық көмек көрсету», «Төтенше жағдайда алғашқы көмек көрсету», «Волонтерлік қызмет туралы» бағыттар бойынша оқыту курстары өтті.

Волонтерлерге арналған «Алғашқы медициналық көмек көрсету», «Төтенше жағдайда алғашқы көмек көрсету», «Волонтерлік қызмет туралы»  бағыттар бойынша оқыту курстары өтті.

         2023 жылдың 28 сәуірі күні Волонтерлерге арналған «Алғашқы медициналық көмек көрсету», «Төтенше жағдайдағы алғашқы көмек көрсету», «Волонтерлік қызмет туралы» оқыту курсы ұйымдастырылып, өткізілді. Курсқа спикер ретінде Күміс волонтер, «Халық алғысы» медалінің иегері, Алғашқы көмек көрсету тренері Тенешева Светлана Владимировна, БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің аға инженері Бекетов Чингиз Саматұлы және БҚО волонтерлерінің фронт-офисі жетекшісі Садиков Нұрсұлтан Абайұлы қатысты. Спикерлер әр бағыт бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, волонтерлермен сұқбаттасты. Сонымен қатар волонтерліктің бағыттары бойынша шеберлік сағаттарын өткізіп, волонтерлерге жаңа ақпараттар берді. Оқыту курсы соңынан волонтерлерге арнайы сертификаттар табысталды.