«JAIYQ JASTAR IDEAS CLUB» атты интелектуалды диалогтік алаңы өтті

«JAIYQ JASTAR IDEAS CLUB» атты интелектуалды диалогтік алаңы өтті

Ағымдағы жылдың 19 мамыры күні Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Орал студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өңірдегі волонтерлік корпусты дамыту, іс-тәжірибе алмастыру мақсатында аудандық волонтерлік топтардың және волонтерлік ұйымдардың қатысуымен «JAIYQ JASTAR IDEAS CLUB» атты интелектуалды диалогтік алаңы өтті. Шараның спикері ретінде волонтерлік салада ойып тұрып орын алар спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар:
🔰Кәсіпкер, жастар жанашыры – Ораш Нұрхат Серікқалиұлы
🔰 «Жастар Рухы» Жастар қанатының БҚОФ төрағасы - Архат Исламғалиев
🔰 «Оқу» қосымша білім орталығының негізін қалаушы - Супыгалиев Ильяс
🔰«Батыс Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті – Бериккалиев Адилет
🔰М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Мәдениет және өнер факультетінің декан орынбасары – Еслямғалиев Абулхаир Мақсотұлы
🔰«Qadam» экологиялық қозғалысының көшбасшысы - Наргиза Ерболатова