Жастар ұйымдары жаңа жобамен

Жастар ұйымдары жаңа жобамен

18 мамыр күні «BASTAU» коворкинг орталығында Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Нұрділдә Серікұлы облысымыздың жастар қоғамдық бірлестіктерінің төрағаларымен, жастар ұйымдарының, ЖОО-ның тәрбие ісі жөніндегі жетекшілерімен, ресурстық орталық қызметкерлерімен еркін форматта кездесті.

Кездесу барысында әр ұйым мүшелері жұмыс бағыттарымен таныстырып, ұсыныстар мен мәселелер талқыланып, жаңа идеялар ортаға салынды.

Тың идеялар мен жаңа жобаларды жүзеге асыру мақсатында алдағы уақытта да мұндай кездесулер өткізу жоспарланып отыр.