Мемлекеттік органдар мен БАҚ арасындағы тиімді байланыс: сөзден әрекетке

Мемлекеттік органдар мен БАҚ арасындағы тиімді байланыс: сөзден әрекетке

2023 жылғы 17 сәуір күні «Азимут плюс» қоғамдық бірлестігі «Мемлекеттік органдар мен БАҚ арасындағы тиімді байланыс: сөзден әрекетке» тақырыбында семинар-тренинг өткізілген болатын.

Тренингке облыстық басқармалар мен департаменттің, аудандық әкімдіктердің баспасөз хатшылары қатысты.

Медиатренер Бактыгуль Бурбаева қатысушыларға журналистермен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру, өзара тиімді әрекеттесуге мүмкіндік беретін ортақ алгоритм бойынша ақпарат берді.

Шара барысында пресс-релиз жазу, әлеуметтік желілердегі мультимедиалық форматты қалай пайдалану секілді практикалық сабақ өткізілді. Тыңдаушылар белсене қатысып, әр топқа ұпай саны есептеліп отырды.

Тренингте мінсіз баспасөз қызметшісінің портретін суреттеу, дағдарыс коммуникациялары, «миға шабуыл», мәтін құрастырудағы қиындықтар, тиімді коммуникациялар, проблема және оның шешімі, коммуникациялар қағидалары  тақырыптарында топпен жұмыс жүргізілді.

Сонымен қатар, ақпаратты тарату каналдары және коммуникациялар тәсілдерін таңдау бойынша «Орман тұрғындары» ойыны ұйымдастырылды, қатысушылар жобаларын топпен бірлесе отырып, қорғап шықты.

Семинар-тренинг соңында қатысушыларға сертификат табысталды.