Мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларымен кездесу өтті

Мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларымен кездесу өтті

Бүгін басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік органдардың баспасөз қызметкерлерімен кездесу өтті. 

Кездесу барысында дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде тұрғындарды ресми ақпаратпен жедел ақпараттандыру мәселелері, брифингте сөз сөйлеу қағидалары, баспасөз хатшыларымен жұмысты оңтайландыру, дамыту, кедергілерді шешу жолдары қарастырылды.

Сонымен қатар, ветеринария, білім, денсаулық сақтау, т.б. басқарма өкілдері өз ұсыныстарын айтып, проблемалық мәселелер көтерілді.

Халықтың сұранысына жұмыс жасап, негативті пікірлердің көрсеткішін азайтуға жұмыстану, медиакеңістіктегі сыни жарияланымдарға, фейк ақпараттардың тарауын болдырмау қажеттілігі атап  өтілді.