Рухани жаңғыру» жобасының эксперті Гүлжанар Шукеевамен кездесу

Рухани жаңғыру» жобасының эксперті Гүлжанар Шукеевамен кездесу

2022 жылдың 14 қыркүйегінде  «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағытын жүзеге асыру аясында  облыстық  басқармалардың   ұжымдары мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар қызмет еткен,  Рухани жаңғыру» жобасының эксперті Шукеева Гүлжанар Болатқызымен кездесу  ұйымдастырылды.

Кездесудің басты мақсаты- мемлекеттік органдардың жұмысын тұрақты жетілдіру мақсатында қолға алынған жобалық басқарудың 4-блогы — «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын жүзеге асыру бойынша мәселелерді зерделеу, мемлекетке адал қызмет етудің оң мысалдары туралы хабардар ету, парасаттылықты насихаттау. Кездесудің форматы онлайн және офлайн семинар ретінде өтті.

Басқосуда жүргізіліп жатырған мемлекеттік саясатты, қабылданған бағдарламаларды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығы туралы сөз қозғалды.