БҚО-да ең үздік отбасылар анықталды

БҚО-да ең үздік отбасылар анықталды

15 шілде күні  Батыс Қазақстан облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық деңгейінің жеңімпаздарын анықтау мақсатында облыстық комиссия отырысы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану; ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру; отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу, және кеңінен насихаттау; қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

Аталған конкурсқа Орал қаласы және 12 аудан бойынша 22 отбасы қатысып, комиссия шешімімен І орын Халықұлы, ІІ орын Сахметовтар отбасы, ІІІ орынды Шуйншкалиевтар отбасы иеленді.