Белгілі ақын Айтқали Нәріковпен кездесу

Белгілі ақын Айтқали Нәріковпен кездесу

Ағымдағы жылдың 20 маусым күні Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының ұжымы Қазақстан Жазушылар одағы және Журналистер одағының мүшесі, белгілі ақын Айтқали Нәріковпен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында қазақ әдебиетінің дамуы, әдебиет саласының саясаттағы алатын орны мен әсері, қазіргі заманғы идеология туралы әңгіме қозғалды. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының 75 жылдығы қарсаңында жарық көрген «Жаралы жылдар жаңғырығы» туындысы туралы айтып берді. Басқарма басшысы Дархан Кадралиев Айтқали Нұрышқалиұлын туған күнімен құттықтай отырып, «Батыс Қазақстан облысының киелі мекендері» кітабын тарту етті.
Кездесу соңында ақын өзінің «Өмір» өлеңін оқып берді.