Облыстың белсенді үкіметтік емес ұйымдарымен жиын өтті

Облыстың белсенді үкіметтік емес ұйымдарымен жиын өтті

3 қараша күні облыстық азаматтық орталықта Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Нарымбетовтың, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Д.Кадралиевтің қатысуымен облыстың белсенді үкіметтік емес ұйымдарының жиыны өтті. Кездесу барысында «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылдығы» тақырыбында Қазақстанның Х Азаматтық форумына дайындық жұмыстары пысықталып, ағымдағы сұрақтар талқыланды.