«Парасатты отбасы» бейнеролик және «Жемқорлық – індет, жою – міндет» тикток байқауларының ақпараты

«Парасатты отбасы» бейнеролик және «Жемқорлық – індет, жою – міндет» тикток байқауларының ақпараты

«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және құқықбұзушылық профилактикасына бағытталған іс-шараларды өткізу және ұйымдастыру» жобасы аясында облыс тұрғындары арасында «Парасатты отбасы» және ««Жемқорлық – індет, жою – міндет» тикток байқаулары ұйымдастырылды. Байқау Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында өткізілді.

Ағымдағы жылдың 21 қазан күні Оқушылар сарайында байқау жеңімпаздарының марапаттау шарасы оздырылды. Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Ақмырзаев, Батыс Қазақстан облысының білім беру басқармасының басшысы А.Мыңбаева,  Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат  басқармасының басшысының орынбасары Қ.Бекназаров, «Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Салиева және байқау жеңімпаздары қатысты. 116 отбасы қатысқан  байқау қатысушыларының арасынан комиссия мүшелері ережеге сәйкес, бейнеролик сапасына, тақырыптың ашылуына байланысты жүлделі І орынға Рүстемовтер отбасын (Орал қаласы), ІІ орынға Тасбулатовтар отбасын (Казталовка ауданы), ІІІ орынға Төлеповтер отбасын (Орал қаласы) марапаттады.  Сонымен қатар, арнайы номинация бойынша 10 отбасы марапатталды. Атап айтатын болсақ, «Өнерлі отбасы» номинациясы бойынша Мансуровтар отбасы (Бәйтерек ауданы),  «Саяхатшы отбасы» номинациясы бойынша Адайәлі отбасы (Орал қаласы) және Китаровтар отбасы (Орал қаласы), «Үздік оқырман отбасы» номинациясы бойынша Дүйсенгалиевтер отбасы (Орал қаласы), «Зейінді отбасы» номинациясына Адиетовтер отбасы (Орал қаласы), «Шеберлер отбасы» номинациясына Каракуловтар отбасы (Бәйтерек ауданы), «Жомарт отбасы» номинациясы бойынша Арыстановтар отбасы (Орал қаласы), «Өндірістегі үздік отбасы» номинациясына Хибатовтар отбасы (Бөкей Ордасы ауданы), «Дәстүрге берік отбасы» номинациясына Уаеповтер отбасы (Бөкей Ордасы ауданы) және «Өнегелі отбасы» номинациясы бойынша Курмангалиевтар отбасы (Орал қаласы) марапатталды.

«Жемқорлық – індет, жою – міндет» тикток байқауының қатысушылары арасынан оза шауып, үздік деп танылған  Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің жас ұстаздары марапатталды.

Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар, және номинация иегерлеріне алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Райгүл Тасболатқызына ұстаздары  мен оқушыларының талантын шыңдап, шәкірт тәрбиелеуде жасап отырған еңбегі үшін арнайы алғыс хат табысталды.