12 ШІЛДЕ КҮНІ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIII СЕССИЯСЫ ӨТТІ

12 ШІЛДЕ КҮНІ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIII СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Қазақстан халқы Ассамблеясы XXIX сессиясының қорытындысы бойынша Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы мен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы  органдардың алдына қойған этносаралық саладағы  қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту жөніндегі мемлекеттік саясаттың бірқатар міндеттерін орындау мақсатында ағымдағы жылдың 12 шілдесінде «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIII сессиясы онлайн/оффлайн форматында өткізілді.

Шараға облыс әкімі, БҚО ҚХА төрағасы Ғ.Н.Есқалиев, этномәдени бірлестіктер мен БҚО ҚХА құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері барлығы 100 – ден астам адам қатысты.

Сессия жұмысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алға қойған 5 қағидатқа, яғни қазақстандық патриотизм, азаматтық теңқұқықтық қағидаттарын, мемлекеттік тілдің біріктіруші рөлін, алуан түрліліктегі бірлікті ілгерілету, ұлтты тұрақты жаңғырту жөніндегі шараларды жүзеге асыруға негізделді.

Сессия 3 панельдік секция бойынша ұйымдастырылды, яғни:

І. «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту»;

ІІ. «Қайырымдылық - жоғары азаматтық патриотизмнің үлгісі»;

ІІІ. «Білімді жастар – жарқын болашақ кепілі».

Әр секцияның күн тәртібінде азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау, қоғамға қайырымдылықты насихаттау, өзге этностар арасында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру сияқты  мәселелер қаралып, өңірде түрлі сала бойынша ауқымды жобаларды іске асырып, мемлекетімізді одан әрі өркендетуге үлес қосып жүрген озық ойлы, бәсекеге қабілетті жастар  сөз сөйлеп, бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Сессия қорытындысы бойынша өңірде бағбандық істі дамыту мақсатында инновациялық технологияларды  қолдану және аймақты көркейтудегі жасыл желектер туралы әлеуметтік желілер арқылы тәжірибемен бөлісу мақсатында сапалы сайт ашу, «Әлем балалар көзімен» атты Халықаралық көрмені қалың көпшілікке жариялау мақсатында «Аялаған алақан» қайырымдылық қорына қолдау көрсету, қайырымдылық шаралардың маңыздылығын ескере отырып, облыс бойынша әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетіп жүрген белсенді жастар мен еріктілерге қаржылық көмектер қарастыру бойынша шешім шығарылды. Сондай-ақ, Батыс  Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIII сессиясында берілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты іс-шаралар жоспары дайындалды.