Оралда айтулы шара өтті

Оралда айтулы шара өтті

Жауынгердің туған-туыстарымен кездесу шарасын БҚО ІСБ ҮЕҰ-мен және саяси партиялармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы Ерболат Исанов ашып, облыс әкімдігінің "Atamnyn Amanaty" ҚБ-мен Ұлы Отан соғысы жылдарында хабар-ошарсыз кеткендерді мәңгі есте сақтау мәселелері бойынша ынтымақтастығы туралы айтып, қатысушыларды келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады. БҚО Рухани жаңғыру аймақтық кеңсесінің менеджері Ақмалиев Айбек Хайронұлы еріктілерге қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен сарбаздарды іздеудегі игі жұмыстарына алғысын білдірді.

"Атамның аманаты" қоғамдық бірлестігінің Оралдағы үйлестірушісі Ғалия Саликқызы Есентаеваның жетекшілігімен Батыс Қазақстан облысындағы еріктілердің келелі жұмысының арқасында хабар-ошарсыз кеткен Степан Ширшовтың туысы Владимир Васильевич табылды. Оралдағы еріктілер тобының аясы үлкен болмаса да, бірлескен түрде нәтижелі жұмыстар атқаруда. Волонтерлер Челабаева Агайжан Кадыржановна мен Макушина Ольга Викторовна VIII E (308) лагерінде тұтқында қаза тапқан сарбаздың туыстарын тауып, олармен байланыс орната білді. "Менің ағам Степан өте жас еді, мен 6 жаста болғанда оны әскерге ме, майданға ма алып кетті, нақты есімде жоқ. Содан кейін әкем мен оның ағасы соғыстан кейін іздеді. Алайда, Степаннан ешқандай хабар ала алмадық. Мен Іздеушілердің ағамның қайда жерленгенін қалай білгеніне таң қаламын, өйткені көп жылдар өтті, мен 86 жастамын, мұндай қуанышты оқиғаға дейін өмір сүремін деп ойламадым. Менің ағам сатқын емес, тұтқында қайтыс болғанын сіздер арқылы білгеніме қуаныштымын..."-дейді Владимир Васильевич жергілікті БАҚ тілшілерімен ой бөлісе отырып. Ал, оның жұбайы барлық іздеушілерге, еріктілерге туысқандары туралы ақпарат алғаны үшін алғыс білдірдіре отырып: "біздің немереміз Ширшовтар отбасы туралы мәлімет жинаумен айналысады, енді біздің ұрпақтарымыз аталарының бірі Отанын қорғап, қайтыс болғанын білетін болады"-деді.

Жалпы бұл іздеу қалай жүрді? Ағайжан Қадыржанқызы өз ағайындарынан Ширшовтың туыстарын іздеу туралы ақпаратты кездейсоқ көріп, осындай фамилиясы бар адамдарды білетінін есіне алады. Кейін бұл ақпаратты жерлестерінің барлық чаттарына жібереді. Оған Владимир Васильевичтің қызы бірден жауап береді. Осыдан кейін еріктілер сарбаздың отбасына барып, олардың туыстары қалай қайтыс болғанын және қайда жерленгенін түсіндіреді.

"Мен жай өтіп бара жатқан адаммын, бірақ мен ақпаратты жіберуді ұйғардым, сондықтан мен Ширшов Степанның туыстарын таптым. Менде де, жиенімде де эмоциялар көп болды. Кез-келген адам басқаларға хабар беру немесе хабарлама жіберу арқылы көмектесе алатындығын түсіндім. Өйткені, біз күн сайын әлеуметтік желілерде отырамыз, сіздер де осындай жұмыстар арқылы басқаларға пайда әкеле аласыз. Осылайша мен ерікті болуды шештім", - дейді кездесуде Ағайжан Челабаева. Жиын соңында "Atamnyn Amanaty" ҚБ-гі өкілдері тағы бір мәрте осындай жұмыстарға бей-жай қарай алмайтын жандарға алғыс айтып, хабар-ошарсыз кеткен және қаза тапқан жауынгерлердің туған-туыстарын іздеуге өтінімдер қабылдау жалғасып жатқанын еске салды.