«Еңсесі биік-Ұлы Жеңіс» атты Ұлы Жеңістің 76-жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған шараның анықтамасы

«Еңсесі биік-Ұлы Жеңіс» атты Ұлы Жеңістің 76-жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған шараның  анықтамасы

2021 жылдың 5 мамыры күні Батыс Қазақстан облысы Қазақстан  халқы Ассамблеясы ұйымдастыруымен «Достық үйінде» Ұлы Отан соғысының 76-жылдығына және Отан  қорғаушылар күніне  арналған «Еңсесі биік-Ұлы Жеңіс» атты шарасы  өткізілді. Аталмыш шараға Ауған соғысының жауынгер-интернационалистері, тәжік-ауған шекарасының және десанттық әскерінің бұрынғы әскери қызметкерлері және БҚО ҚХА «Жаңғыру жолу» жастар қанатының мүшелері қатысты.

 БҚО ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қамбетов Медхат Мұсаұлы өзінің құттықтау сөзінде кездесудің патриоттық жастар тәрбиесіндегі маңыздылығын атап өтті. Бұл шараға «Ауған соғысының мүгедектер және ардагерлерінің Батыс Қазақстан облыстық қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Габделов Беркінғали Серікұлы  және «Батыс Қазақстан облысының әуе-десанттық әскерлері мен арнайы мақсаттағы әскерлері ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасыныңм көмекшісі, Иманғалиев Марлен Гилманұлы және т.б. қатысушылар өздерінің естеліктерімен бөлісті.

Кеңес сарбаздарының Ауған жерінен қайтып оралғандарына 32 жыл өтті. Жас жеткіншектер соғыс майданына аттанып, соғыс ардагерлері болып оралды. Бүгінде осы ардагерлеріміз Ауған жерінде болған сұм соғыстың қиын-қыстау кезеңдерін, ерлік пен даңқты батыр-қаhармандары туралы естелік айтушы тұлғаларымыз.  Сарбаздарымыз өздерінің әскери міндеттерін адал орындап, әскери қызмет соңына дейін нағыз сарбаз атағына лайық бола білді. Ауған соғысы ардагерлері ҰОС жылдарындағы фашизмді жеңген  қаһарман ата –бабаларымыздың ерен ерлігін екінші мәрте қайталады.

    «Жаңғыру жолы» жастар қанаты төрағасының орынбасыра Залина Алиева кездесу кешінің қатысушыларына құттықтау сөздерін жолдады. Кездесу барысында жас буын өкілдері қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Ардагерлер өз ойларымен бөлісіп қана қоймай, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды.

Ауған соғысына қатысқан «Жауынгер Интернациолисттер» жанды дауыста керемет әндер шырқады. Шара Айбар Хайырхановтың орындауындағы «День победы» әнімен өз мәресіне жетті.