МЕКТЕП МЕДИАТОРЛАРЫНА АРНАЛҒАН «МЕКТЕП – МЕДИАЦИЯ – КЕЛІСІМ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ

МЕКТЕП МЕДИАТОРЛАРЫНА АРНАЛҒАН «МЕКТЕП – МЕДИАЦИЯ – КЕЛІСІМ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ

Алтыншы күн. 2021 жылдың 14 сәуірінде БҚО ҚХА Татуласу орталығында мектеп медиаторларының жұмыс тобына арналған «Мектеп-медиация – келісім» семинар-тренингі өтті. Медиаторлар мектеп жанжалдарын ғана емес, этносаралық және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы жанжалдарды талқылау және шешу бойынша келіссөздер жүргізу шеберліктерімен және ұсыныстарымен бөлісті. Психолог тиімді тренингтер өткізді. Семинар соңында кері байланыс орнатылып, қатысушылар іс-шараға жоғары баға берді, семинарды өткізу мен оның пайдалы жақтарын атап өтті. Білім беру ұйымдарында ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру толеранттылықты тәрбиелеудің мақсатты процесі, этникалық қарым-қатынас және этникалық ағарту мәдениеті ретінде қарастырылады, оған этникалық толеранттылық дағдыларын қалыптастыру, білім берудің оңтайлы құралдарын таңдау, оқушыларға педагогикалық әсер ету жүйесін құру кіреді.

Кез-келген жағдайда біздің сайттың мекен-жайын белгілеп, дау туындаған кезде медиацияны қолданып көріңіз. Сіздерге жеңісті бірге тойлау ұнайтын болады!

www.mediation07.kz

8 (7112)25-00-55

8(7112)25-03-77