БӨКЕЙ ОРДАСЫНДА ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙҒА БЕРІЛДІ

БӨКЕЙ ОРДАСЫНДА ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙҒА БЕРІЛДІ

4 наурыз күні Мұратсай ауылында А.Құсайынов атындағы орта мектептің 2001 жылғы түлектері балаларына әке орнына әке боп, тірліктің бар қиындығын қабырғасы қайыспай жалғыз өзі-ақ тындырып отырған жалғыз басты ана Қаниса Мұсағалиеваға баспана сыйға тартты. Осы уақытқа дейін Қаниса Мұсағалиева бұл үйді жалға алып тұрып келді.

Қайырымдылық – қайырлы іс. Мұратсайлық түлектердің қайырымдылық шарасы тек мұнымен шектелмек емес. Өткен жылы да түлектер «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай тағзым тұғырын орнатқан болатын.