«Қайырымды істер марафоны» жалпы ұлттық жобасы

«Қайырымды істер марафоны» жалпы ұлттық жобасы

Қайырымдылық – адамның көмекке шын мұқтаж жандарға қол ұшын соза білетін ең асыл қасиеттерінің бірі. Себебі, айналасына мейірімділік таныту – адамгершіліктің белгісі.

 «Қайырымды істер марафоны» жалпы ұлттық жобасы аясында Бөрлі ауданының кәсіпкерлері мен белсенді еріктілері 1,5 айдың көлемінде 64 шара ұйымдастырды. Жоба аясында қариялардың үйлерін қардан аршу жұмыстары жүргізіліп, тегін нан таратылды, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына тегін шебер сабақтары өткізілді. Ең көлемді шара ауданымыздың ауыр дертке шалдыққан кішкентай тұрғыны Эмирдің еміне қаржы жинауға бағытталған лотерея болатын. Шара барысында 1 900 000 теңге қаражат жиналып, Эмирдің ата-анасына табысталды.

Марафонның өзге шаралардан ерекшелігі – өткізілетін шаралар жоспарланып, ақпарат әлеуметтік желілерде таратылады. Алдағы уақытта да Бөрлі ауданында көптеген игі істер өз жалғасын табатын болады.