Қаратөбеліктердің қайырымдылыққа үлесі

Қаратөбеліктердің қайырымдылыққа үлесі

Ағымдағы жылдың 10 ақпан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы басталған болатын.

Осы  жоба аясында  ауыл тұрғындарын ізгілікке, мейірімділікке үндеу, қайырымды істер жасауға шақыру  мақсатында Қаратөбе ауданы бойынша көптеген игі шаралар  жүзеге асуда.

Аудандағы  барлық мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар, шаруа қожалығының жетекшілері , еріктілерді  жұмылдыру арқылы қиын кезеңде елімізде игі істер жасап, қоғамды ізгілікке бағыттауда, әрбір ауыл азаматының  қатысуымен қайырымды істер жасауға ұйымдастыу  жұмыстары жүргізілуде.

Осы жалпыұлттық жоба аясында өткізілген шаралар аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінде және  әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланып, қайырымды істердің ұйытқысы болған азаматтардың игі бастамалары қоғамда кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілуде.

Аудан бойынша  «Қайырымды істер марафоны»  жалпыұлттық жобасы аясында аудан әкімі орынбасарымен бекітілген   іс-шаралар жоспарына сай жұмыстар атқарылуда.

- Қаратөбе ұлттық ат спорты жанашырлары және оқушыларының бастамасымен жасөспірімдер арасында ұлттық спорт түрі көкпар лигасы ұйымдастырылды. Шара   ауыр дертке шалдыққан Саралжын ауылдық округіне қарасты Сәуле ауылының тұрғыны Жансезімге қолдау көрсету мақсатында оздырылды. Шарадан түскен қаржы Жансезімнің шотына аударылды.

- Аудандық дене шынықтыру және балалар жасөспірімдер спорт мектебінде «Жақсылық жасап жарысайық!» атты футзалдан аудандық жарыс оздырылды.Аталмыш жарыс Ақсай қаласының тұрғыны, кішкентай бүлдіршін Эмир Шахмаров еміне қол ұшын созу мақсатында өтті. Шарадан түскен қаржы Эмирдің шотына аударылды.

-Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығында ауданымыздағы қолөнер шеберлерінің «Алтын қолды асылдар» жәрмеңкесі өтті.Жәрмеңке ата-бабадан қалған мұраларымыздың құндылқтарын сақтай отырып, халыққа кеңінен насихаттау. Жәрмеңкеден түскен қаржының бір бөлігі қайырымдылққа жұмсалады.

- «MG» супермаркетінде әр жұма сайын Қаратөбе ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, мұқтаж адамдарға, зейнеткерлерге әр аптаның жұма күні тегін нан таратады.

-Жусандыой ауылдық округі қарасты Ханкөл ЖОББМ-нің мұғалімдері

дертке шалдыққан Шөптікөл мектебінің оқушысы Азаматқызы Ләззатқа қол ұшын беріп, Ләззаттың жеке шотына аударды.

Бірлігі мен татулығы жарасқан қаратөбеліктердің осындай қайырымдылық бағыттағы игі шараларда көш басында болатынына сенімдімін. Ауызбіршілігіміз азаймасын.

Райымбек АБАЙ

Аудандық ішкі саясат бөлімінің тілшісі