«Қайырымды істер марафоны»

«Қайырымды істер марафоны»

Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен ел тұрғындарын ізгілікке, мейірімділікке үндеп, қайырымды істер жасауға шақыратын «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында Жаңақала ауданында Жаңақала ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастырумен жалдамалы пәтерде тұратын көпбалалы отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілді. Ауыл тұрғыны, еңбек ардагерінің ауласын қардан тазалап және қосалқы шаруашылық жұмыстарына көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, жоба аясында «Іскер әйелдер» кеңесінің ұйымдастыруымен «Раяна» сұлулық салонында тегін шаш қию және «Айша» балалар дүкенінде тегін киімдер тарату акциялары ұйымдастырылды.