Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2020 жылғы 28 желтоқсаннан бастап үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттарды ұсыну конкурсының жарияланғанын хабарлайды.
Гранттар беру конкурсы гранттық қаржыландыру саласындағы оператор – «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-мен «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, грант және сыйлықақылар туралы» Заңына және «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына» сәйкес азаматтық бастамаларды қолдап, әлеуметтік саланың дамуындағы өзекті проблемаларды шешуге азаматтық институттар әлеуетін тарту үшін ұйымдастырылады.
Гранттар беру конкурсына өтінімдер 2021 жылдың 20 қаңтары күнгі сағат 18.30-ге дейін қабылданады.