Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне арналған үздік жарияланымдар байқауы

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне арналған үздік жарияланымдар байқауы

БҚО: Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне арналған «Сыбайлас жемқорлық біз үшін жат!» тақырыбында әлеуметтік желілердегі үздік жарияланымдар байқауының жеңімпаздары!!!

Байқаудың ұйымдастырушылары 2020 жылы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы және БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің қолдауымен «Ақжайық – Адалдық Аланы» жобалық кеңсесі болып табылады.

2020 жылдың 08 желтоқсанында Aqjaiyq Adaldyq Alany жобалық кеңсесі конкурстық комиссияның отырысын өткізді. Конкурстық комиссия отырыс негізнде  жеңімпаздар анықталады.

Барлық жұмыс комиссия мүшелерінің қызығушылығын тудырды, конкурстың жеңімпаздарын анықтау қиынға соқты.

Дегенмен, жарыстың жеңімпаздары:

 I орын -  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық дамуы министрлігінің «Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің жанындағы Сарапшылар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз сарапшысы - Сәдір Нұрлан Қуанышұлы;

 II орын – Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы - Сисенова Анаргүл Илиясқызы;

III орын – Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысы -Тулепкалиева Алма Шапбазкерейқызы.