
2023 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі азаматтарға мемлекетті басқаруға қатысу тетігін ұсынған «Қоғамдық бақылау туралы» заңды қабылдады.
Алайда, іс жүзінде оның нормалары сирек қолданылады және жергілікті халықтың басым бөлігі үшін түсініксіз болып отыр.
Жағдайды өзгерту мақсатында «Ashyk Kogam» қоғамдық қоры 2025 жылғы 23 қазанда «БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ қызметіне қоғамдық мониторинг жүргізді.
Мақсат — заңның іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін көрсету және азаматтардың қатысу тетіктеріне қызығушылығын арттыру.
Мониторингке БҚО Қоғамдық кеңесінің мүшелері, «Ashyk Kogam әлеуметтік даму және инновациялар қоры» ҚҚ, БАҚ өкілдері және блогерлер қатысты.
Олар азаматтарға қызмет көрсету сапасын, консультациялардың қолжетімділігін, сондай-ақ салық органдарындағы қабылдау шарттарын бағалады.
Іс-шара қорытындысы бойынша сервистерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындалды.
Ашық дереккөздердің мәліметінше, бұл іс-шара БҚО аумағында «Қоғамдық бақылау туралы» заңды іс жүзінде қолданудың алғашқы мысалы болып табылады.
Алдағы уақытта «Ashyk Kogam әлеуметтік даму және инновациялар қоры» ҚҚ қоғамдық бақылау нысандарын орналастыру арқылы қоғамдық талқылау, сараптама, қашықтан мониторинг немесе өзге де тәсілдермен қоғамдық бақылау іс-шараларын тұрақты, ай сайынғы негізде жүргізуді жоспарлап отыр.