БҚО жастарына арналған «Жайық жастары» тұрғын үй бағдарламасы жалғасуда

БҚО жастарына арналған «Жайық жастары» тұрғын үй бағдарламасы жалғасуда

Бағдарлама талаптары:

  • Тұрғын үй сатып алудың шекті бағысы – 18 000 000;
  • Несие беру уақыты – 19 жылға дейін;
  • Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • Бастапқы жарна - 10%, яғни бағдарламаға өтінім берген кезде Отбасы банк шотыңызда кем дегенде 1 800 000 теңге міндетті түрде болуы қажет.

Бағдарлама шарттары:

  • Қазақстан Республикасының aзаматтығы;
  • Қатысушының жасы 21-35 жас (35 жасты қоса алғанда), өтініш беру кезінде, жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (бар болса). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
  • Қатысушының және оның жолдасы немесе жұбайының Батыс Қазақстан облысында тұрақты тіркеуінің болуы;
  • Бағдарламаға қатысушы кандидаттар: Орал қаласында тұрақты тіркеуде болса – Орал қаласы және БҚО аудандарынан;                                                                                     БҚО ауданында тұрақты тіркеуде болса – сол ауданнан ала алады.
  • Қатысушының ресми жұмыс өтілі келесі санаттар бойынша Батыс Қазақстан облысында кем дегенде соңғы 12 ай, міндетті зейнетақы мөлшерлемесімен болу қажет.
  • Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы тиіс. Үміткер және оның отбасы мүшелерінде ортақ бірлескен меншік болған жағдайда 25% көп болмауы тиіс. Үміткердің немесе оның отбасы мүшелері меншігінде жер телімі, жатақхана немесе саяжай болуы бағдарламаға қатысуға мүмкіндік береді.

Қатысушы жастар санаттары:

Денсаулық сақтау, атап айтқанда: Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасына сәйкес медицина қызметкерлері  «техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, тиісті жоғары және орта білімі бар, Батыс Қазақстан облысында орналасқан денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдарда жұмыс істейтін денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар номенклатурасын және мамандандырылуын, номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес;

Білім, атап айтқанда: техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Батыс Қазақстан облысында орналасқан, тиісті жоғары және орта білімі бар білім беру саласындағы мемлекеттік қалалық және республикалық мекемелердің (оның ішінде мемлекет 100% қатысатын АҚ және КЕАҚ, Орал қаласында орналасқан ЖОО педагог мамандары) педагог қызметкерлері;

Мәдениет, атап айтқанда: техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Батыс Қазақстан облысында орналасқан мемлекеттік мәдени қалалық және республикалық ұйымдардың (оның ішінде мемлекеттің 100% қатысуымен ЖШС, АҚ және КЕАҚ) бейінді қызметкерлері;

Спорт, атап айтқанда: Батыс Қазақстан облысында орналасқан мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдарда, сондай-ақ «ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті» ҚБ және «ҚР Ұлттық Параолимпиада комитеті» ҚБ-да еңбек қызметін жүзеге асыратын спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар;

Батыс Қазақстан облысының коммуналдық мекемелер /кәсіпорындар қызметкерлері, атап айтқанда: техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС, «Батыс су арнасы» ЖШС, «Жайықжылуқуат» АҚ, «Ақсайжылуқуат» ШЖҚК, сонымен қатар, облыстық, қалалық және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық қызметкерлері.

Мемлекеттік қызметшілер, ақылы мемлекеттік лауазымды атқаратын және заңнамаға сәйкес мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында мемлекеттік органның атынан лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері;

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері – құқық қорғау органдары жұмыскерлерінің арасынан арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілген Қазақстан Республикасының азаматтары;

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері - техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері және республикалық деңгейдегі БАҚ-тың өңірлік өкілдерін (меншікті) қоса алғанда, кем дегенде соңғы 1 жыл осы салада Батыс Қазақстан облысында қызмет атқаратын қызметкерлер;

Төтенше жағдайлар қызметкерлері, техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, төтенше жағдайлар саласында қызмет ететін қызметкерлер.

«Қазпошта» АҚ қызметкерлері, техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда.

Кандидаттардың ұпайларын есептеу келесідей тәртіппен есептеледі:

  • Бірінші бала үшін – 2 ұпай;
  • Әр келесі бала үшін – 1 ұпай;
  • Тіркелген некедегі әр жыл үшін – 1 ұпай;
  • Әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға – 1 ұпай;
  • «Отбасы банк» АҚ есепшотында әрбір 10% жинақ үшін – 1 ұпай беріледі. (20% болса – 2 ұпай, 30% болса – 3 ұпай тиісінше)

Бағдарлама бойынша құжаттар қабылдау 20-31 қазан аралығында qr.gov.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Барлық сұрақтар бойынша колл орталық номері: 87001240215, 87052165097