Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Үкіметтік емес ұйымдар

https://infonpo.gov.kz/


Батыс Қазақстан облысы бойынша үкіметтік емес ұйымдары туралы ақпарат

Батыс Қазақстан облысында 6 саяси партияның филиалдары, 50 этномәдени орталықтар, 655 үкіметтік емес ұйымдары тіркелген, оның 200-ге жуығы белсенді қызмет атқаруда (соның ішінде Орал қаласында - 493, 12 аудандарда -162, әрекет ететін ҮЕҰ -393),15 салалық кәсіподақ ұйымдары және олардың құрамындаа 980 бастауыш ұйымдары  әрекет етеді.

Үкіметтік емес ұйымдар қызмет бағыттары келесі салаларға бөлінеді:

- жастар ұйымдары - 89;

- дене шынықтыру мен спорт бағытындағы ұйымдар - 53;

- әйелдер бастамасы мен гендерлік теңдік бағыты - 37;

- азаматтық бастамаларды қолдау бағыты - 29;

- білім мен ғылымды қолдау бағыты - 18;

- мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау бағыты - 10;

- басқа да бағыттар - 419.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орындаушы ҮЕҰ саны:

2020 жыл-165 ҮЕҰ (олардың ішінен ауылдықтар -68);

2019 жыл-154 ҮЕҰ (олардың ішінен ауылдықтар -59);

2018 жыл- 147 ҮЕҰ (олардың ішінен ауылдықтар -57);

2017 жыл - 133 ҮЕҰ (олардың ішінен ауылдықтар -44);

2016 жыл- 125 ҮЕҰ (олардың ішінен ауылдықтар -51);

2015 жыл- 136 ҮЕҰ (олардың ішінен ауылдықтар -40).

Мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың өзара байланысын жолға қою мақсатында 2018 жылдан бастап «Социум» диалог алаңы жұмыс жасайды.

Үкіметтік емес ұйымдар және азаматтық қоғам институттарымен өзара әріптестік жүйесін жетілдіру, оларды әдістемелік және материалдық-техникалық қолдау мақсатында 2018 жылдан бастап облыстық Азаматтық орталығы жұмыс жасайды.

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылы өңірлік «Рухани жаңғыру» кеңсесі, қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2018 жылдан «Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс жасайды.

Дәстүрлі түрде өткізілетін облыстық «Азаматтық форум», «Мерейлі отбасы» байқауы, «Жомарт жүрек» сыйлығын табыстау, «Асар» үшжақты ынтымақтастық форумы, «Ауыл әйелдерінің» форумы, БАҚ қызметкерлері форумы, блог-турлар, атаулы даталарға арналған конференциялар, ақсақалдармен және ҮЕҰ кездесулер, тақырыптық дөңгелек үстелдер, мемлекеттік мерекелерге орай салтанатты шаралар өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және азаматтық қоғамдық дамытуға бағытталған.

Облыста 14 Қоғамдық кеңес жұмыс істейді (1 - облыстық, 1 – қалалық және 12 – аудандық).

Қоғамдық кеңес құрамында барлығы 257 адам, оның ішінде азаматтық қоғам өкілдері – 186 адам (72,3%), мемлекеттік органдар өкілдері – 71 адам (27,7%), 189 ер адам (73,5%) және 68 әйел (26,5%), олардың 90% - ында жоғары білімі бар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 тамыздағы "Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы" қаулысына сәйкес 2019 жылғы 5 наурызда облыстық мәслихат 2019 жылғы 6 наурызда бекіткен ереже әзірленіп, Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы құрылды.

Облыстық Қоғамдық кеңестің құрамында 30 адам, 3 – мемлекеттік органдардың өкілдері, 27 - коммерциялық емес ұйымдар бар. Орал қаласы мен 12 ауданның қоғамдық кеңестерінің төрағалары облыстық Қоғамдық кеңестің құрамына кірді.

Төралқа құрамы Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық Кеңесінің 11 мүшесінен құрылған.

Облыстық Қоғамдық кеңесте 4 комиссия жұмыс істейді:

1.Қоғамдық мониторингті, Қоғамдық тыңдауды, қоғамдық сараптаманы, есептерді тыңдауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Комиссия (төрағасы – Г.Тлебалиев).

2.Аумақтық даму және бюджет мәселелері жөніндегі Комиссия (төрағасы – М.Құлшар).

3.Халықтың әлеуметтік проблемалары және әлеуметтік жобалардың іске асырылуын бақылау жөніндегі Комиссия (төрағасы – Ж.Жақсығалиев).

4.Құқық қорғау органдарымен өзара іс - қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Комиссия (төрайымы – А.Салиева).

2020 жылы облыстық Қоғамдық кеңестің 3 отырысы және 2 қоғамдық тыңдау, 3 мониторинг өткізілді.

13 төралқа отырысы өтіп, нормативтік құқықтық актілердің 56 жобасы қаралып, қорытынды берілді, 1 жоба келесі отырысқа шегерілді. 4 Мемлекеттік орган басшыларының, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептері тыңдалды. Мемлекеттік органдар басшыларының 2 ұсынысы берілді.

Өткізілген отырыстардың ұсынымдарына сәйкес Қоғамдық кеңестер қызметінің тиімділігіне ықпал ететін мынадай басым мәселелерді бөліп көрсетуге болады:

Тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету үшін республикалық және өңірлік ОЖ арасында байланыс орнату;

Әлеуметтік маңызды мәселелерді жүйелі шешуді қамтамасыз ету мақсатында ОЖ арасында ішкі өзара іс-қимыл тетіктерін орнату;

Сонымен қатар, халықты қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ақпараттандыру мақсатында әкімдіктер мен мәслихаттардың интернет-ресурстарында «Қоғамдық кеңес» айдары ашылды.

2020 жылы өңірлік баспа басылымдарында 14 материал жарияланды.

«Батыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі он бір жыл бойы өз қызметін жүзеге асырып келеді.

БҚО АА негізгі мақсаттары:

- Қазақстандағы азаматтық қоғам мен демократиялық үдерістің тұрақты және жан-жақты дамуы үшін қолда бар ресурстар мен мүмкіндіктерді тиімді пайдалану мақсатында Батыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы Қауымдастығы субъектілерінің күш-жігерін біріктіру;

- ел өкіметінің өкілді, атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықта тең тиімді және ұзақ жұмыс істеу үшін бірлескен іс-қимылдарды шоғырландыру.

Батыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы ЗТБ құрамында 15 ҮЕҰ бар, филиалдар жоқ.

Үкіметтік емес ұйымдар халықаралық және республикалық ҮЕҰ арналған мемлекеттік премиялар мен гранттарды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыс жасауда. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам комитетінің «Азаматтық Бастамаларды Қолдау Орталығы» тарапынан бөлінетін ҮЕҰ арналған мемлекеттік премиялар мен гранттарды 2017 жылы – 2, 2018 жылы – 3, 2019 жылдың 9 айында – 4 ҮЕҰ ұтып алды. Халықаралық гранттар шеңберінде 2017 жылы Нидерланд корольдігінің Орталық Азиядағы өкілдігі «Challenge TV» жобасы (туберкулезбен күрес), 2018 жылы халықаралық «USAID» агенттігінің «web- Академия НКО» (әлеуметтік желі онлайн курстары), 2019 жылы -  Германия Ішкі Істер министрлігі BMI жобасын (неміс жастары одағы этно-мәдени жобасы) өңірлік ҮЕҰ жүзеге асырды.

Облыста 655 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Оның 139-ы қоғамдық қор болып табылады, оның 15-і белсенді қызмет атқарады. Осы қорлардың ішінен қайырымдылық қызметімен айналысатын қорлар бар. Қайырымдылық қорлары-бұл ақша жинап, өмірдің қиын кезеңінде мұқтаж адамдарға көмек көрсететін агрегаторлар.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының «Жас дарын» қоғамдық қоры (Т.Ищенко) қайырымдылық саласында белсенді жұмыс жүргізуде. Қор ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру және бейімдеу және оларды қоғамға кіріктіру бойынша жұмыстар жүргізуде, аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсетіледі, денсаулықты дамытуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың шығармашылығын тегін негізде оқыту үшін шарттар (алаңдар) құрылады. Жобаны іске асыру кезінде жыл сайын Бөрлі ауданының 170-тен астам баласы тегін негізде оқытылады. Қайырымдылық акцияларымен жыл сайын 350-ден астам бала қамтылып, оларға 4 млн.теңгеден астам сомаға киім, аяқ киім, азық-түлік түрінде көмек көрсетілді. Қайырымдылық акциясы аясында емдеу мен оңалтуға 50-ден астам балаға 4,5 млн.теңге жиналды.

«Ақжайық» қоғамдық қоры (Т.Имашев) өңірді дамыту бойынша жобаларды жүзеге асырады. Қор «мүмкіндігі шектеулі балаларды бейімдеу үйін» салу үшін қаражат жинап, құрылыс облыс меценаттарының қайырымдылық қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта салынып жатқан ғимараттың ішкі безендірілуі жалғасуда. Сондай-ақ, қор Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жою үшін қаражат жинау жұмыстарын ұйымдастырды. Қор жинаған қаражатқа тұрғын үйлерді күрделі жөндеу үшін құрылыс материалдары сатып алынды.

«Жұлдыз» қоғамдық қоры (Т.Еслямова) емделуді және күрделі отаны (операция) қажет ететін балаларға қаражат жинау бойынша тұрақты белсенді жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ, қоғамдық қор мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акцияларын тұрақты ұйымдастырады.

Документы
Ақпарат
16 января 2023
Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы
2023 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
Ақпарат
05 декабря 2020
БҚО бойынша 2021 жылға көпшілік талқылаудан кейін іске асыруға жоспарлаған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат
Ақпарат
05 декабря 2020
БҚО бойынша 2020 жылы іске асырылған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат
Новости
Полезные материалы
Байқау туралы хабарлама
Үкіметтік емес ұйымдар
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы