Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Бұқаралық ақпарат құралдары

Ақпараттық жұмыс

Облыста 74 бұқаралық ақпарат құралы (52 газет, 14 журнал, 6 электрондық БАҚ, 2 ақпараттық агенттік) өз қызметін жүзеге асыруда.

Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 304 012 189,54 теңге бөлініп, 15 жоба іске асырылып, оның аясында 50-ден астам тақырыптық бағыттар қамтылған (мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысы туралы, Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі, халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау жөніндегі қызметін жария ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, мерейтойлық күндер шеңберіндегі іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу және т.б.).

«БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында облыстың барлық қызықты оқиғаларын жариялау, халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аптасына 2-3 рет мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен брифингтер өткізіледі. ӨКҚ жұмысына қатысты барлық материалдар batys.ortcom.kz сайтында орналастырылған. Сондай-ақ, Instagram және Facebook сияқты әлеуметтік желілерде жарияланады.

Облыста тұрақты негізде барлық әлеуметтік желілердегі парақшаларға мониторинг жүргізіліп, өзекті мәселелерді шешу бойынша тиісті мемлекеттік органдармен жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Жалпы есепті кезеңде ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 07 шілдесіне дейінгі аралықта 80-нен астам интернет-портал мен 300-ден астам қоғамдастыққа, Facebook, Instagram, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшалар мен пабликтерге мониторинг жүргізілді.

«Жайық-Пресс» ақпараттық агенттігі бүгінгі таңда өңірдегі ірі интернет-ресурстардың бірі болып табылады. Бұл сайтта жедел және халыққа түсінікті түрде екі тілде ақпарат жарияланып отыралы. Zhaikpress.kz сайтында күніне орта есеппен 15-20 жарияланым шығады. Интернет-ресурстар арқылы ақпарат алушылардың саны күн сайын өсіп келе жатқанын ескере отырып, осы ақпараттық агенттіктің жұмысы өзекті және сұранысқа ие болып саналады.

Цифрландыру аясында 2018 жылы екі облыстық газеттің («Орал өңірі» және «Приуралье») ғасырлық тігіндісі цифрлық форматқа көшіріліп, осылайша электрондық кітапхана әзірленді. Бүгінгі таңда кез-келген азаматтың газет сайтында редакцияның мұрағатын табуға мүмкіндігі бар.

Бүгінгі таңда «Қазақстан РТРК» АҚ филиалын жергілікті атқарушы органдардың балансына беру жұмыстары дайындық кезеңінде. Бұл мәселе акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50% - дан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін айқындайтын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде ғана қаралуы мүмкін.

Документы
Заң
23 июля 1999
Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы
Новости
Полезные материалы
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты
Өмірлік жағдайлар
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты