«Ана тілің алпыс тілге татиды» тақырыбында танымдық кездесу өтті

«Ана тілің алпыс тілге татиды» тақырыбында танымдық кездесу өтті

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде жастар арасында мемлекеттік тіл мәселесін кеңінен насихаттау, азаматтық қоғам қалыптастырудағы жастардың рөлі, елдік, патриоттық сезімдерді қалыптастыру мақсатында филология факультетінің студенттері, жас оқытушылар мен кітапханашылардың қатысуымен «Ана тілің алпыс тілге татиды» тақырыбында танымдық кездесу өтті.

Кездесуді жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, аудармашы Камал Әбілқасымқызы Әлпейісова жүргізді.