«Ілеспе аударма: теориялық негіздері мен практикасы» тақырыбында шеберлік сағаты

«Ілеспе аударма: теориялық негіздері мен практикасы» тақырыбында шеберлік сағаты

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасындағы  тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында 2022 жылдың 4 – 8 шілдесі күндері аралығында қазақша-орысша, орысша-қазақша ілеспе аударма жүргізуді үйретудің шеберлік сағатты  өткізілді.

Шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақшадан орысшаға, орысшадан қазақшаға аударатын ілеспе аудармашыларды дайындау, олардың кәсіби әлеуетін арттыру және жазбаша аудармашылардың біліктілігін арттыру.

Шеберлік сағатын филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Рухани даму» қоғамдық қорының төрайымы, ілеспе аудармашы Камал Әлпейісова жүргізді.

Шараға мемлекеттік органдардың тіл мәселесіне жауапты қызметкерлері, аудармашылар мен БАҚ өкілдері және т.б. шақырылды.