«Ономастика – мемлекеттік идеологияның негізі» тақырыбындағы кешенді кездесулер

«Ономастика – мемлекеттік идеологияның негізі» тақырыбындағы кешенді кездесулер

Ономастиканың өзекті мәселелерін талқылау, облысымыздағы қала, елді-мекендерге, көшелерге, белгілі бір нысандарға атау берудің заңдық мәселелері, талаптар және болашақтағы атқарылатын жұмыстарды талқылау, тәжірибелік түйткілді мәселелерді шешіп, қазіргі Қазақстандағы ономастиканың өзекті сұрақтарын шешуге, қордалаған мәселелерді талқылау, қоғамдық пікір туғызу мақсатында ағымдағы жылдың 24-29 шілде аралығында белгілі саясаттанушы, ғалым, лингвист Дос Көшімнің қатысуымен Ақжайық, Бәйтерек, Казталов, Теректі, Тасқала аудандарының тұрғындарымен кездесулер өтуде.