«Мен тұратын көшенің тарихы» акциясы

«Мен тұратын көшенің тарихы» акциясы

2021 жылдың 21 қазан күні Батыс Қазақстан обылстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Мен тұратын көшенің тарихы» акциясының қорытындысы жарияланып, Жастар мәдениет үйінде марапаттау рәсімі өтті.

Акция облыс тұрғындары арасында жалпыхалықтық сипатта өткізілді.  Акция азаматтық қоғамның белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ынталандыруға бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында облыс аудандары, Орал қаласы тұрғындарының арасында ономастикалық атаулардың жаңғыруы мен көшенің тарихын насихаттау, атаулардың маңызын түсіндіру үшін  өткізілді.

Ережеге сәйкес акцияға қатысушылар өздерінің көшелерінің атауларының тарихи танымдық сипаты туралы отбасылық түрде, немесе жеке қатысушы ретінде бейнетаныстырылым арқылы ұсынды

Акцияға келіп түскен бейнетаныстырылымдарды тарихшы, филолог, сондай-ақ IT мамандарынан құралған қазылар құрамы тексерілді. Іріктеуден өткен бейнетаныстырылымдардың авторлары жеңімпаз деп жарияланды.

Акцияның нәтижесінің қорытындысы төмендегідей болды.

1-орынды Ауғанова Ботагөз

2-орын Ғабдрахимова Жанар, Төлегенов Аманғали

3-орын Аманжан Манатау, Наурызұлы Бекжан, Берікқали Сауат иеленіп, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.