«Туған өлке – тұнған тарих» облыстық ғылыми-зерттеу жоба байқауы

«Туған өлке – тұнған тарих» облыстық ғылыми-зерттеу жоба байқауы

2021 жылдың 21 қазан күні Батыс Қазақстан обылстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Туған өлке – тұнған тарих» облыстық ғылыми-зерттеу жоба байқауының қорытындысы жарияланып, Жастар мәдениет үйінде марапаттау рәсімі өтті.

   Байқау өзінің туған өлкесін, ауылын, қаласының тарихын білетін, өз өлкесін ерекше сүйетін, оның салтын қастерлейтін, Отан патриоттарын тәрбиелеу, білім алушылардың ғылыми ойлау және зерттеу қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Ережеге сәйкес Облыстық байқауға жалпы орта білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары, ЖОО-ның 1 курс және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1-2 курс студенттері қатыстырылды.

Ғылыми жоба байқауына келіп түскен жұмыстар антикөшірме бағдарламасынан тексерілді. Антикөшірмеден өткен ғылыми жобаларды ғалымдардан тобынан құралған комиссия құрамы сараптап, іріктеуден өткен, тақырыпқа сәйкес жұмыстардың авторлары жеңімпаз деп жарияланды.

Ғылыми-зерттеу жоба байқауының нәтижесі қорытындысы төмендегідей болды.

1-орын Бақтығали Нұржахан Оралханқызы (Д. Нұрпейісова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, 9-сынып, Жаңаала ауданы)

2-орын Асланбекқызы Аяжан (Қ.Аманжолов атындағы ЖОББМ, 11-сынып, Бәйтерек ауданы), Батыр Жанарыс Мәрленұлы (Орал қаласы №14 ЖОББМ, 7-сынып) 

3-орын Тәжібаева Ақтілек (Абай атындағы мектеп-гимназиясы, Бәйтерек ауданы, 10-сынып оқушысы), Бауыржан Альбина Дәуренқызы (ЖББ Сырым орта мектеп-бөбекжай-балабақша кешені», Сырым ауданы, 10-сынып), Жоламанова Нұрай Жақанқызы (Д. Нұрпейісова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, 9-сынып, Жаңағала ауданы) жеңімпаз деп танылып, диполом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.