«МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚ ЕЛІ» ЗИЯТКЕРЛІК БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚ ЕЛІ» ЗИЯТКЕРЛІК БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

2021 жылдың қазан айының 6-шы жұлдызында Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Менің Отаным – Қазақ елі» атты зияткерлік байқауы оздырылды.

Байқау мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарын ынталандыру, бірлік пен татулықты дәріптеу мақсатында өткізілді.

Байқаудың ережесіне сай аталмыш сайысқа 18-25 жас аралығындағы үміткерлер қатысты. Сайыс топтық түрде өтті.

Қатысушы топтар үй тапсырмасы бойынша қазылар алқасының назарына «Тәуелсіздік – тұғырым!» атты бейнепрезентация мен «Тәуелсіз еліме 30 жыл!», «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл»,  «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыптарында жазылған эссе ұсынды.

Онымен қоса қатысушы топтар «Елтаным», «Сөзжұмбақ», «Сөзмерген», «Шабыт жұлдызы» атты 4 кезеңнен өтіп, өзара сайысқа түсті.

Сайысқа қатысқан 6 топ та өз білімдерін ортаға салып, тартысты сайыс өтті.

Әділқазы алқаларының шешімі бойынша «Сиқырлы ақындар» (М.Өтемісов ат. БҚУ)  тобы алғыс хатпен марапатталса, III орынды «Тәуелсіздік ұландары» (КАЗИИТУ) және «Тіл мұра» (М.Өтемісов ат. БҚУ)  топтары, II орынды «Тіл жанашырлары» (М.Өтемісов ат. БҚУ)   мен «Бөрлі жастары» (Бөрлі ауданы), ал I орынды өздерінің алғырлықтарымен, жылдамдықтарымен көзге түсіп, «Бірлік» тобы (М.Өтемісов ат. БҚУ)  иеленді.

Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдармен марапатталды.