«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ» БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ» БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

2021 жылдың 20 қазанында Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алатын өзге этнос өкілдерінің студенттері арасында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» байқауын ұйымдастырды. Байқауға 8 оқу орнынан 15 өтініш келіп түсті.

Ережеге сәйкес байқауға қатысушылар бейнетаныстырылым арқылы өздерін таныстырып, тіл біліктіліктері бойынша сайысқа түсіп, өнерлерін ортаға салды.

Байқау нәтижесінің қорытындысы төмендегідей болды.

І ОРЫН – Петрова Сабина,  Сервис және жаңа технологиялар колледжінің студенті (жетекшісі Ж.Т. Бекмашева);

ІІ-ОРЫН - Горлов Денис, Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің студенті (жетекшісі Б.Ж.Ергалиева);

ІІ-ОРЫН - Пермитина Александра, Жоғары инженерлік технологиялық колледжінің студенті (жетекшісі А.Б.Халелова);

ІІІ-ОРЫН - Лапкина Анна, Орал гуманитарлық колледжінің студенті (жетрекшісі К.К.Қосбаева);

ІІІ-ОРЫН - Краснобаев Дмитрий, Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің студенті (жетекшісі Б.Ж.Ергалиева);

ІІІ-ОРЫН - Михаилов Артем,  Теректі колледжінің студенті (жетекшісі И.М.Баймулдина);

 

АЛҒЫС ХАТТАР:

 Горяйнов Богдан - Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің студенті (жетекшісі Г.Т.Каргина);

Козырева Анастасия - Орал гуманитарлық колледжінің студенті (жетрекшісі К.К.Қосбаева);

Рубцов Виктор – Орал политехникалық колледжінің студенті, (жетекшісі Д.Қ.Каирова);

Жүлдегерлер бағалы сыйлықтар және арнайы дипломдармен марапатталды.