«ҮЗДІК АУДАРМАШЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«ҮЗДІК АУДАРМАШЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ  ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, аудармашылардың іс жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесін шыңдау мақсатында 2021 жылдың 30 шілдесінде мекемелердегі аудармашылардың арасында облыстық «Үздік аудармашы» байқауын ұйымдастырды.

Байқау қорытындысы төмендегідей:

БАС ЖҮЛДЕ – Гүлдана Альбетиярова, БҚО төтенше жағдайлар департаментінің аударма жөніндегі редакторы;

І ОРЫН – Есболат Майжанов, Казталов ауданы, Тереңкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;

ІІ ОРЫН – Серік Абешов, Облыстық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубының заңгері.

ІІІ ОРЫН – Дина Шнарова, Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің іс жүргізушісі;

«ҮЗДІК СИНХРОНИСТ» аталымы - Айнар Мусина, Орал қалалық сотының бас маманы;

«ҮЗДІК КӨРКЕМ АУДАРМАШЫ» аталымы - Әлия Серікова, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жетекші маманы;

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!