ОБЛЫСТЫҚ «ТІЛ ШЕБЕРІ - 2021» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ОБЛЫСТЫҚ  «ТІЛ ШЕБЕРІ - 2021» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау мақсатында 1-шілде күні облыстық «ТІЛ ШЕБЕРІ - 2021» байқауын ұйымдастырды.

Байқау қорытындысы төмендегідей:

І ОРЫН – Серікова Әлия Серікқызы,  ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының БҚО бойынша департаментінің жетекші маманы;

ІІ ОРЫН – Майдан Жамбыл Бейбітұлы ,  Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасының бас маманы;

ІІ ОРЫН – Нығметова Ақбота Берікқызы,  Жәнібек аудандық мәслихат аппаратының бас маманы;

ІІІ ОРЫН – Карл Темірлан Замирұлы, Теректі ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы;

ІІІ ОРЫН – Мұқанбетқалиев Дәулетжан Бақытжанұлы , Орал қаласының Зачаган кенті әкімі аппаратының бас маманы;

ІІІ ОРЫН – Тасқынғали Аяулым Мерекеқызы,   БҚО денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы;

АЛҒЫС ХАТ – Рамазан Ақторғын Манарбекқызы, БҚО денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы;

АЛҒЫС ХАТ – Төлеген Назерке Қазиқызы , БҚО мәдениет басқармасы мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру және талдау бөлімінің бас маманы.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!