«Ономастика – мемлекеттік идеологияның негізі»

«Ономастика – мемлекеттік идеологияның негізі»

2021 жылдың 7-10 маусым күндері мемлекеттік ономастикалық саясаттың мақсат мүдделерін ұғындыру, өңірдегі ономастикалық бірліктерді зерделеу мен ел аумағындағы атауларды қалпына келтірудің негізгі міндеттері мен бағыттарын түсіндіру мақсатында «Ономастика – мемлекеттік идеологияның негізі» тақырыбында белгілі саясаттанушы, лингвист-ғалым Дос Көшімнің қатысуымен кешенді кездесулер мен танымдық дәрістер өткізілді. Аталмыш шараға Бәйтерек ауданының Январцев, Трекин, Щапов, Янайкин ауылдарының, Теректі ауданы бойынша Приречное, Покатиловка, Ақсуат, Подстепное ауылдарының және Бөрлі ауданының Приурал, Дмитрово, Успен ауылдарының жергілікті қоғамдастық мүшелері мен ауыл тұрғындары қатысты.