ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН АБАЙ ОҚУЛАРЫ ОНЛАЙН БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН  АБАЙ ОҚУЛАРЫ  ОНЛАЙН БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы 2021 жылдың  28 сәуір-24 мамыр аралығында өзге ұлт өкілдері жастарының арасында «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты көркемсөз оқу шеберлерінің Абай оқулары қашықтық байқауын ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты: Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау және талантты жастарды табу.

Байқауға көркемсөз оқу және ән айту шеберлігін қатар игерген 14 пен 29 жас аралығындағы 51 үміткер қатысты.

Байқау қортындысы төмендегідей:

- І орын - Колесникова Ксения Викторовна, ұлты-орыс, М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша қашықтан оқыту бөлімінің 1-курс студенті;

- ІІ орын – Зыбина Виктория Александровна, ұлты – орыс, Бәйтерек ауданы, Калининское ауылы, Камен ЖОББМ-ның 10-сынып оқушысы;

- ІІ орын – Хван Руслана Александровна, ұлты-кәріс, М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың 2-курс студенті;

- ІІІ орын – Алиева Тунзала Гисматқызы, ұлты-әзірбайжан, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный №1 ЖОББМ-нің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;

- ІІІ орын – Липнау Кристина Яковлевна, ұлты-орыс, М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың 1-курс студенті;

- ІІІ орын – Шолох Кристина Юрьевна, ұлты-украин, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың 1-курс студенті;

Сонымен қатар 2 аталым (номинация) бойынша келесідей жеңімпаздар анықталды:

«Жас дарын» номинациясы:

- Основская Варвара Евгеньевна, ұлты-орыс, М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың 3-курс студенті;

- Рязанова Юлия Михаиловна, ұлты-орыс, Бәйтерек ауданы, Макаров ауылы, Макаров ЖОББМ-ның «Өзін өзі тану» пәнінің мұғалімі; 

- Корчемкина Анна Алексеевна, ұлты-орыс, М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың 1-курс студенті;

 «Мәнерлі мақам» номинациясы:

- Бакаушина Виктория Михайловна, ұлты-орыс, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Ақсуат ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы.

- Погребная Элеонора Денисовна, ұлты-орыс, Теректі ауданы, Ұзынкөл ауылы, Ұзынкөл ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы;

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін арнайы диплом және сыйлықтармен марапаттау рәсімі а.ж. 14 маусым күні өткізілді.

Барлық қатысушыларға «Алғыс хаттар»  табысталды.  

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!