«ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы 2021 жылдың 5 – 20 мамыр аралығында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында қашықтық байқауын ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты: халық ауыз әдебиеті мұраларын насихаттау арқылы тіл мәдениетін көтеру, ұжымдық жұмысқа баулу және талантты да талапты балдырғандарды анықтау.

Байқау облыс аумағындағы мектепке дейінгі ұйымдардың 3-5 жас аралығындағы тәрбиеленушілерінен құрылған топтар арасында ұйымдастырылды. Барлығы 50 мектепке дейінгі ұйым қатысып, оған 400-ге жуық бүлдіршіндер қамтылды.  

Байқау қорытындысы төмендегідей:

1- орын:          

«Кішкентай ақылды балапан» ертегісі -  Шыңғырлау ауданы, «Болашақ» бөбекжайы» МКҚК, «Аққайың» ересек тобы. Жетекшілері:А.А. Садыкова, Г.Е.Жаньярова.

2-орын:   

«Алма» ертегісі - Орал қаласы, №49 «Ақниет» бөбекжайы» МКҚК, «Тұлпар» мектепалды даярлық тобы.  Жетекшілері: С.С.Алимбаева, А.Г.Мәсекеева.

2-орын:     

«Тапқыр қоян» ертегісі – Орал қаласы, №15 «Ақбота» бөбекжайы» МКҚК, «Болашақ» ересек тобы. Жетекшісі: И.Б.Сандибекова.

3-орын:

«Аю мен қояндар» ертегісі - Қаратөбе ауданы, «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК, «Арай» ортаңғы тобы. Жетекшілері: Д.Р.Рамазан, Қ.Ө. Ахметова.

3-орын:    

«Сәруар» ертегісі - Орал қаласы, Зашаған кенті, №13 «Золотой ключик» бөбекжайы» МКҚК, «Ақбота» ересек тобы. Жетекшісі: Г.С.Измуханова.

3-орын: 

«Адасқан құмырсқа» ертегісі – Орал қаласы, №50 «Заңғар» бөбекжайы» МКҚК, «Бәйтерек» мектепалды даярлық тобы.  Жетекшісі: Ә.Ж.Даулетжан.

Номинация иегерлері:

«Жас өскіндер» номинациясы:

«Бай мен Қайсар батыр» ертегісі – Жәнібек ауданы, «Жәнібек» бөбекжайы МКҚК, «Жұлдыз» ересек тобы. Жетекшілері: А.Ш.Карина, Г.М.Черкасова.

«Шығармашыл бүлдіршіндер» номинациясы:

«Алтын домбыра» ертегісі – Тасқала ауданы, Мерей ауылы, «Айгөлек» бөбекжайы» МКҚК, «Бәйтерек» ересек тобы. Жетекшісі: А.С.Аюпова.

«Өнерлі бүлдіршіндер» номинациясы:

«Анасын іздеген балапан» ертегісі – Орал қаласы, №10 «Балапан» бөбекжайы» МКҚК, «Бәйтерек» тобы. Жетекшілері: А.Н.Дакишева, С.С.Жүсіп.

«Талантты балақайлар» номинациясы:

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі – Орал қаласы, №35 «Шұғыла» бөбекжайы» МКҚК, «Жауқазын» ересек тобы. Жетекшісі: А.У.Жұмағалиева.

«Алтын балалар» номинациясы:

«Мұрагер» ертегісі – Бәйтерек ауданы, Достық ЖОББМ жанындағы «Алақай» шағын орталығы, «Жұлдыз» тобы. Жетекшісі: Г.С. Мергалиева.

 «Тіл шеберлері» номинациясы:

«Саңырауқұлақтың саясында» ертегісі – Шыңғырлау ауданы, Ақтау ауылы, «Қарлығаш» бөбекжайы» МКҚК, «Балапан» ересек тобы. Жетекшілері: А.Т.Казымова, О.А.Бексейтова.

«Шығармашыл бүлдіршіндер» номинациясы:

«Түлкі мен қоян» ертегісі – Бөкей ордасы ауданы, Ж.Жексенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-бөбекжай кешені, «Зерек» ересек тобы. Жетекшілері:Д.Қ.Амангелді, Ж.Л.Салимова.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға «Алғыс хаттар»  табысталады.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!