«ЖЫР АЛЫБЫ ЖАМБЫЛ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ.

«ЖЫР АЛЫБЫ ЖАМБЫЛ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ  АНЫҚТАЛДЫ.

Батыс Қазақстан облыстық  тілдерді дамыту басқармасы  ағымдағы жылдың  3-21 мамыр аралығында  Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған  «Жыр алыбы Жамбыл» атты ақынның өлеңдерін жатқа оқу қашықтық байқауын ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты – Ж.Жабаевтың шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген жастардың ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау және талантты жастарды табу.

Байқау жеңімпаздары  төмендегідей танылды:

І орын  - Армат Болатов.  Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенті,  Орал қаласы.

ІІ орын  -  Джангужиева Әдемі.  Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенті, Орал қаласы.

ІІІ орын - Беркінбаева Аяжан.  Теректі колледжінің студенті, Теректі ауданы.

ІІІ орын - Алмасов Әли. А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің студенті, Орал қаласы.

Алғыс хаттармен төмендегі студенттер марапатталады:

Бекбулатова Айнаш - Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенті,  Орал қаласы.

Завьялов Денис – Шыңғырлау колледжінің студенті,  Шыңғырлау ауданы.

Дәулетқалиева Әлия - Шыңғырлау колледжінің студенті, Шыңғырлау ауданы.

Мамешова Эльвира - Теректі колледжінің студенті, Теректі ауданы.