«Ертегілер еліне саяхат» атты мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілеріне арналған қашықтық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.1. Байқаудың мақсаты: халық ауыз әдебиеті мұраларын насихаттау арқылы тіл мәдениетін көтеру және талантты балдырғандарды анықтау.
1.2. Байқаудың міндеттері: ертегіні сахналау арқылы балалардың ой-қиялын, тілін, есте сақтау қабілеттерін дамыту, отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
1.3. Байқау мемлекеттік тілде өткізіледі.
1.4. Байқау облыс бойынша барлық мектепке дейінгі (мемлекеттік, жеке) ұйымдары арасында ұйымдастырылады.
1.5. Байқауға мектепке дейінгі ұйымдардың 3-5 жас аралығындағы тәрбиеленушілерінен құрылған (4-5 адам) топтар қатыстырылады.
1.6. Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.
1.7 Байқау 2021 жылдың 05 – 20 мамыр аралығында өткізіледі.
2. Өткізілу кезеңдері:
2.1. Байқау жұмыстары 2021 жылғы 20 мамырға дейін tdb_oral@mail.ru электронды поштасы арқылы жіберілуі қажет.
2.2. Байқауға келіп түскен жұмыстармен байқау комиссиясы 2021 жылдың 24 мамыр күні танысып, қорытындылайды.
2. Байқауды өткізудің тәртібі
2.1. Байқаудың шарттары:
- 4-5 баладан құрылған топ қазақ халқы ертегісіне сахналық қойылым жасап, бейнежазба ретінде түсіруі тиіс.
- осы ережеге жалғанған қосымшаға сәйкес өтінімді жазып жолдау қажет;
- бейнежазбаның ұзақтығы 4 минуттан аспауы тиіс;
- фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады;
- акустикалық реверберация («Эхо») болмауы керек;
- бейнежазбада сыртқы дыбыстар, шулар, кедергілер болмауы керек;
- бейнежазбада топтың атауы, балабақшаның және ертегінің атауы субтитрлер арқылы көрсетілуі тиіс;
- жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген шығармалар комиссия қарауына жіберілмейді.
2.4. Байқаудың критерийлері:
- Тіл қолданысының тазалығы;
- Диалогта сөйлей білу деңгейі;
- Монолог түрінде сөйлеуі;
- Әртістік қабілеті;
- Тақырып мазмұнының ашылуы;
- Бейнежазбаның креативті әрі сапалы болуы.
3. Қорытынды ережелер
3.1. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы ғалымдар, тіл мен әдебиет салаларының зиялы қауым өкілдерінен және сала мамандарынан тұрады.
3.2. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.
3.4. Байқаудың жеңімпаздары туралы ақпарат байқау қорытындыланғаннан кейін 10 жұмыс күн ішінде БАҚ беттеріне жарияланады.
Байланыс телефондары: 8 (7112) 50-64-26, E-mail: tdb_oral@mail.ru, 87781887429.
«Ертегілер еліне саяхат» атты
мектепке дейінгі ұйымдардың
тәрбиеленушілеріне арналған
қашықтық байқауының ережесіне қосымша
«Ертегілер еліне саяхат» атты мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілеріне арналған қашықтық байқауына қатысу үшін
ӨТІНІМ
Балабақша атауы (қалалық/ ауылдық округтің атауы) |
Топтың атауы |
Бірлескен сахналық қойылымға қатысушылардың құрамы (аты-жөні (толық), туған жылы) |
Ертегінің атауы |
Жетекшінің аты-жөні (толық) |
Байланыс телефоны
|
1. |
|
|
|
|
|