ЖАҢА ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ КЕПІЛІ

ЖАҢА ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ КЕПІЛІ

2021 жылдың 8 сәуір күні Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының төрт жылдығына орай «Жаңа қазақ әліпбиі – рухани жаңғырудың кепілі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. 

Аталмыш шараға тіл мамандары, этнос өкілдері, қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

Қатысушылар қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің негізгі аспектілерін, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытылуының бүгіні мен ертеңі туралы еркін пікір алмасты.

Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Соның ішінде латын графикасына көшу – бұл жалпы еліміздегі тіл саясаты үшін ғана емес экономика, халықаралық байланыс, ұлтаралық қатынас сияқты өзге де маңызды факторларға ерекше әсер ететін құбылыс екендігі айтылды.

Шара барысында «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің бөлім басшысы Ерасыл Галимов «Рухани жаңғыру – ұлттық сананың жаңғыруы» тақырыбында баяндама жасаған болса, «Қоғамдық келісім» басшысының орынбасары Жамал Ихсанова облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарған жұмыстарға тоқталды.

Өз кезегінде Орал қаласының №26 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Ирина Суетина «Латын әліпбиі: сана жаңғыруы және заманауи қажеттілік» тақырыбында баяндама жасады.

Шара соңында қатысушылар ана тіліміздің ұлы көшке ілесіп, төрге озуы жолында аянбай қызмет ету керек деген ортақ пікірге келді.